Елімізде шетелдерден әкелінетін витаминді дәрілер 25-30 процентке қымбаттауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде шетелдерден әкелінетін витаминді дәрілер 25-30 процентке қымбаттауы мүмкін

Елімізде шетелдерден әкелінетін витаминді дәрілер 25-30 процентке қымбаттауы мүмкін

ҚР денсаулық сақтау министрлігі мен кедендік бақылау агенттігінің келісілмеген әрекеттері салдарынан құрамында витамині бар шетелдік дәрілер 25-30 процентке қымбаттауы мүмкін.

  • 31 Тамыз 2004
  • 1322
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін, 31-тамызда Алматыда өткізілген баспасөз мәслихатында

ҚР фармацевтикалық іс-қызметті қолдау және дамыту жөніндегі қауымдастық президенті Зурият Сыбанқұлова мен фармацевтикалық фирмалардың өкілдері мәлімдеді.
Баспасөз мәслихатына қатысушылардың айтуынша, жүктерді кедендік рәсімдеуден өткізе алмауға байланысты кейбір фармацевтикалық компаниялар төрт айдан бері шығынға белшеден батуда.
Құрт ауруы, қатерлі ісік дерті паталогиялары, қан аздығы мен тұмау қатарлы ауруларды емдеу және алдын алуға бағытталған витаминді дәрілік препараттардың ондаған тоннасы уақытша тауар сақтауға арналған қоймаларда жатыр.
Фармацевтикалық бизнес өкілдері мен дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдай Қазақстандық кеденшілердің ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің сыртқы экономикалық алыс-беріс қызметінің жалпы тауарлық номенклатурасы туралы келісім бойынша енгізілген өзгерістерге автоматты түрде бірден ден қоюына байланысты.
ЕурАзЭҚ-қа мүше елдерд арасындағы кедендік рәсімдеуді біріздендіру үшін ұйымға мүше елдердің сыртқы экономикалық алыс-беріс қызметінің жалпы тауарлық номенклатурасына негіз ретінде Ресейдің тауарлық номенклатурасы алынған. Осыған сәйкес жаңа код тағайындау барысында Қазақстанда қосалқы құн салығы салынбайтын дәрілік препараттардың бір тобы үшке бөлінді. Соның салдарынан витаминді дәрілік препараттар 15 проценттік қосымша құн салығы мен 10 проценттік мемлекеттік баж салығы салынатын биологиялық активті қоспалар тобына қосылды.
«ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің сыртқы экономикалық алыс-беріс қызметінің жалпы тауарлық номенклатурасы туралы келісім күшіне енген 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап витаминді дәрілер рыногі үлкен соққыға душар болды. ҚР кедендік бақылау агенттігі денсаулық сақтау министрлігімен мүлдем келісілмеген әрекеттерге барып, өзгерістер туралы сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушыларды хабардар етпеу арқылы сайып келгенде тұтынушыларды тақырға отырғызды. Дәрі бағасының қымбаттауы бірінші кезекте соларға ауырпалық болатыны түсінікті»,- дейді «Интерфарма-К» ААҚ-ның бас директоры Аудрюс Йозенас.
Баспасөз мәслихатына қатысушылардың хабарлауынша, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер арасынан жалғыз Қазақстанда ғана осындай ахуал қалыптасып отыр. Ал басқа республикаларда жаңа код тағайындау фармацевтикалық өнімнің мәртебесін өзгертуге себепкер болған жоқ.
«Қазір ҚР денсаулық сақтау министрлігі басқа да мүдделі мекемелермен бірлесе отырып республика үкіметіне ахуалды реттеу тетігі бар қаулы жобасын жасап жолдады. Алайда, қаулыны қабылдауға уақыт қажет. Ал түрлі тұмау дерттерінің маусымы таянған дәл қазіргі сәтте ел тұрғындары арзан витаминді дәрілерден құралақан қалатын түрі бар»,- деді З.Сыбанқұлова.
Фармацевтикалық бизнес өкілдері мен дәрігерлердің айтуынша, мұндай ахуал қара базарда сертификатсыз дәрілердің қаптап кетуіне жол ашады. Ал бұл өз кезегінде бірінші кезекте әлеуметтік тұрғыда аз қорғалған тұрғындардың денсаулығына нұқсан келтіретіні сөзсіз.
Ахуалды тез арада реттеу үшін баспасөз мәслихатына қатысушылар аталған қаулы қабылданғанға дейін ҚР Салық кодексінің дәрілік препараттарды қосымша құн салығынан босату туралы ережесі мен ҚР денсаулық сақтау министрлігінің кейбір нақты дәріге беретін тіркеу куәліктеріне бағынуды ұсынады. «ҚР денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша кеденшілер жүктерді қазірден бастап рәсімдей алады. Қоймада жүк кешіккен әрбір күн өнім өндіруші фирмаларды қыруар шығынға батыруда, соның салдарынан тұтынушылар үшін дәрі бағасы қымбаттай түспек»,- дейді қауымдастық өкілдері.

Перейти к новостям спорта