Елімізде соңғы бірнеше жылда алғаш рет педагогикалық мамандықтарға түсуге жоғары өтініш тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде соңғы бірнеше жылда алғаш рет педагогикалық мамандықтарға түсуге жоғары өтініш тіркелді

Елімізде соңғы бірнеше жылда алғаш рет педагогикалық мамандықтарға түсуге жоғары өтініш тіркелді

Елімізде соңғы бірнеше жылда алғаш рет талапкерлерден түскен өтініштерді тіркеу барысында әлеуметтік жұмыстар, филология, қазақ тілі, педагогика және медициналық-профилактикалық іс мамандықтары бойынша байқауға түсуге ниет білдірушілер саны артқаны байқалды. Бұл туралы бүгін, 6-шілдеде Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР білім және ғылым министрлігінің жоғары білім департаментінің директоры Болатбек Әбдірасылов хабарлады.

  • 6 Шiлде 2004
  • 498
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу шарасына және мемлекеттік гранттар мен несиелер тарату жөніндегі байқауға қатысуға құжат қабылдау жұмыстары 20-маусымда басталды. Өтініштер қабылдау жұмысы 169 жоғары оқу орнында жүзеге асырылуда. Соның ішінде 54 жоғары білім ошағында шілденің 20 мен 25 аралығында кешенді тестілеу шарасы өтеді.

ҚР білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, 6-шілде күнгі жағдаймен мемлекеттік гранттар мен несиелер тарату жөніндегі байқауға қатысу жөнінде 41407 адам өтініш берген, соның ішінде 23509 адам қазақ бөліміне, 16098 адам орыс бөліміне түсуге нет білдіріпті. Байқауға қатысушылардың 32943-і бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысушылар болса, 8464 адам бұрындары кешенді тестілеуге қатысушылар.
Алдын-ала мәлімет бойынша, мынадай мамандықтар бойынша грант үшін байқауға қатысушылар саны өте жоғары : мәселен, әлеуметтік жұмыстар мамандығы бойынша қазақ бөліміне бір орынға 42, ал орыс бөліміне 30,6 адам, география мамандығы бойынша қазақ бөліміне бір орынға 38,7, ал орыс бөліміне 8,9 адам, аударма ісі мамандығы бойынша қазақ бөліміне бір орынға 32,5, ал орыс бөліміне 54,9 адам, өңіртану мамандығы бойынша қазақ бөліміне бір орынға 15,2, ал орыс бөліміне 30,4 адам таласпақшы.
Мемлекеттік несие алудан үміткерлер тізімінде мынадай мамандықтар алда келеді: қазақ тілі мамандығы бойынша бір орынға 81,93 адам, аударма ісі мамандығы бойынша орыс бөліміне бір орынға 68,2 , қазақ бөліміне 44,53 адам, медициналық-профилактикалық іс мамандығы бойынша қазақ бөліміне бір орынға 62,4, ал орыс бөліміне 26,6 адам, педагогика және психология мамандығы бойынша қазақ бөліміне бір орынға 56,61, ал орыс бөліміне 22,17 адам түсуге құлық танытқан.
Кешенді тестілеуге қатысуға 15559 өтініш келіп түссе, оның 9885-сі (63,5%) қазақ бөліміне, 5 674-і (36,5%) орыс бөліміне түсуге ниет білдірген.

Перейти к новостям спорта