Елімізде СПЕКА бағдарламасы аясындағы халықаралық бас қосу өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде СПЕКА бағдарламасы аясындағы халықаралық бас қосу өтеді

Елімізде СПЕКА бағдарламасы аясындағы халықаралық бас қосу өтеді

2005-жылдың мамыр айында Қазақстанда БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнаулы бағдарламасы -СПЕКА-ның халықаралық бас қосуы өтеді. Бұл туралы бүгін, 9-наурызда БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалқ және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Ким Хак Су ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевпен кездесуден кейін мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Наурыз 2005
  • 507
Фото - Caravan.kz

Ким Хак Судың хабарлауынша, ҚР СІМ-імен кездесуде алдағы бас қосуды ұйымдастыруға қатысты мәселелер талқыланды.

ҚР СІМ-нің баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, Қазақстан БҰҰ-ның аймақтық комиссиялары — ЭСКАТО және Еуропалық Экономикалық комиссиялармен бірлесе отырып Қазақстан президентінің СПЕКА туралы бастамасын жүзеге асыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізуде. Бағдарламаның басты мақсаты — Орталық Азия республикаларына өзара ынтымақтастықты тереңдетуге, экономикалық дамуын жеделдетуге және Еуропа мен Азия елдерінің экономикасына интеграциялануға ықпал жасау болып табылады. ЭСКАТО мен Еуропалық Экономикалық комиссиясы СПЕКА бағдарламасын халықаралық деңгейде қолдап отыр.
Еуропалық Экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Бригита Шмегнерованың айтуынша, «Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқа да республикалар үшін әлемдік экономикаға кірігуге және Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуге талпынумен бірге аймақ шеңберінде де өзара ынтымақтастық орнатудың маңызы зор». «Орталық Азия республикаларының күшін біріктіре отырып аталмыш елдер үшін ортақ мүдделілік тудыратын мәселелерді айқындап алу қажет». Оның айтуынша, осындай мәселелерге су ресурстары, энергетика, көлік, сауда, қоршаған ортаны қорғау, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар мен кәсіпкерлік мәселелері жатады.

Перейти к новостям спорта