Елімізде студенттер шәкіртақысының мөлшері екі есе арттырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде студенттер шәкіртақысының мөлшері екі есе арттырылады

Елімізде студенттер шәкіртақысының мөлшері екі есе арттырылады

2005-жылдың 1-шілдесінен бастап елімізде студенттер шәкіртақысының мөлшері екі есе арттырылады. Бұл туралы бүгін, 18-ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа арнаған жыл сайынғы жолдауында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Ақпан 2005
  • 431
Фото - Caravan.kz

Студенттердің білім алуына арнап несие беру жүйесін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін алдағы бес жылда республикалық бюджеттен қосымша 2 млрд. теңге бөлінеді, деді Н.Назарбаев. 2005-жылы бұл мақсатқа 600 млн. теңге жұмсалмақшы.

Сондай-ақ, шетелдерде студенттерді оқытуға арналған гранттар саны ұлғайтылады. «Дүниежүзінің ең таңдаулы жоғары оқу орындарында оқыту үшін жыл сайын 3 мың үздік студентке «Болашақ» бағдарламасы бойынша шәкіртақы тағайындалады»,- деді Н.Назарбаев. Бұған дейін бұл бағдарлама бойынша 500 студент оқытылып келген.
Мемлекет басшысы жеке меншік секторды білім беру жүйесін дамыту ісінде мемлекетке қолдау көрсетуге шақырды.

Перейти к новостям спорта