Елімізде су тасқынын болжауға арналған ақпараттық-зерттеу жүйесі енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде су тасқынын болжауға арналған ақпараттық-зерттеу жүйесі енгізіледі

Елімізде су тасқынын болжауға арналған ақпараттық-зерттеу жүйесі енгізіледі

Қазақстанда тез туындайтын тасқындарды болжауға арналған ақпараттық-зерттеу жүйесі енгізіледі.

  • 14 Қыркүйек 2015
  • 463
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада «Қазгидромет» бас директоры Айбек Меңдіғарин мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, осы жоба аясында «Қазгидрометте» Өңірлік орталық құрылады. Жобаны жүзеге асыру мен оған мамандарды даярлау шараларын USAID атқармақ.

«Олар техникалық көмек беріп,  серверлерін қояды. Осы орайда бұған жер серігінен , радарлардан, жердегі қызметтерден келген деректер жинақталады. Бұл тұрғыда ең басты мәселе — алдын ала мәліметтерді алып, осы деректерді құтқару қызметтеріне дер кезінде хабарлау. Яғни, адамдарды құтқаруға және апаттарды болдырмауға қомақты үлес қоса алады»,-деді А. Меңдіғарин.

Сонымен қатар  келіп түскен мәліметтерге талдау жасалып, олар Орталық Азияның өзге елдеріне де таралатын болады. 


Соңғы жаңалықтар