Елімізде сүт безі ісігіне шалдыққан әйелдер саны еселеп өскен - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде сүт безі ісігіне шалдыққан әйелдер саны еселеп өскен

Елімізде сүт безі ісігіне шалдыққан әйелдер саны еселеп өскен

Елімізде сүт безі ісігіне шалдыққан әйелдер саны азаяр емес. Тіпті артқаны сонша 10 жыл ішінде ісіктің өзге түрін басып озып, бірінші орынға шыққан. Отандық онкологтар мен маммологтар қатерлі дертпен күресіп-ақ келеді. Заманауи ем-дом әдістерінен қалыспай шетелде оқып, сырттан да «мықты» деген мамандарды шақырып жатыр. Енді скринингтік тексеру жолын еуропалық талапқа енгізуде.

  • 9 Қараша 2012
  • 348
Фото - Caravan.kz

Онкологтар әйелдер қауымына ең болмағанда жылы бір рет орындауы тиіс үш кеңесті ұсынады: 1) жасыңыз 20-дан асқан болса, міндетті түрде маммологтың алдына барыңыз; 2) 40-ты еңсергеннен кейін ультрадыбыстық тексеруден өтіңіз; 3) 45-тен асқан соң толық маммографиялық тексеру қабылдаңыз. Себебі дәл осы жаста ісік асқынуы мүмкін. Сондықтан маммолог алдына келуден жасқануды доғарып, тексеруден дер кезінде өткен жөн.

Тамара, науқас:

— Мұнда үреймен келген едім. Жас келген соң ба, кеудем шаншуды шығарды. Сөйтсем ішінде артық ет өсе бастапты. «Емделсең жазыласың», — дейді дәрігерлер. Асқынса, ісікке айналып кетуі де мүмкін екен.

Тамара бұл жолы онкология саласында 50 жылдық тәжірибесі бар маманның қарауына дөп түсіпті. Марко Расселли дель Турко — сүт безі ісігін анықтаудың еуропалық әдісін үйрете келген италиялық маммолог. Бірнеше күннен бері тәжірибесімен бөлісіп, мастер-класс өткізуде.

Марко Расселли дель Турко, онколог (Италия):

— Ісікті бірден анықтау әрине қиын. Бірақ дер кезінде тексерілсе, ауруды алын алуға 99 пайызға мүмкіндік бар. Әрине, ол үшін скринингтен, яғни маммологтың алдына барып тұру керек. Еуропада бұл тәсіл осыдан 30 жыл бұрын қолға алынған. Сондықтан сүт безі ісігіне шалдыққандар көп болғанымен, өлім саны аз. Ал сіздерде керісінше екен.

Шынында да сүт безі ісігі елімізде белең алған дерттің бірі. Онкологиялық өзге сырқаттарға қарағанда өлім көрсеткіші жағынан алдыңғы орында тұр. Мәселен, бір Алматының өзінде диспансерлік есепте осыдан 2 жыл бұрын 2 мың әйел тұрса, қазір 3780-ге жеткен.


Оксана Шатковская, Алматы қалалық онкологиялық орталығының бөлім меңгерушісі:

— Әйелдер арасында сүт безі ісігі Алматыда бірінші орында тұрған ауру. Және бір емес, бірнеше уақыттан бері. Жылына кем дегенде 400 адам қосылып отырады. Науқастардың көбі дерті әбден асқынғанда келеді.

5 жылдық статистикаға сүйенсек, аты жаман бұл ауруға ел көлемінде 30 мыңнан астам әйел шалдығыпты. Ал соңғы уақытта тіптен қатары тым арта түскен. Демек өлім де азаймақ емес. Себебі орта есеппен жылына мың жарым адам сүт безі ісігіне ұшыраса, соның 200-і ұзаққа бармай ажал құшады екен.

Соңғы жаңалықтар