Елімізде тағы бір телефон жарылып, иесі ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде тағы бір телефон жарылып, иесі ауруханаға түсті

Елімізде тағы бір телефон жарылып, иесі ауруханаға түсті

Ақтөбеде ұялы телефоны жарылып, күйіп қалған иесі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 18 жел

  • 20 Желтоқсан 2016
  • 1243
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеде ұялы телефоны жарылып, күйіп қалған иесі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 18 желтоқсанда болған. Аурухананың бас дәрігері Рахымжан Арыстанның айтуынша, зардап шеккен қыз 1988 жылғы.

«Науқастың айтуынша, телефон қуат алып тұрған кезінде жарылған. Ол телефонын жанына қойып, ұйықтап қалған. Оның бетін, қолын, жамбасы мен кеудесін күйік шалған. Оның жағдайы орта деңгейде деп бағаланып отыр», — деді бас дәрігер.

Ол телефон маркасының қандай екенін білмейтінін айтты. Науқастың ауруханада қанша уақыт жататыны да белгісіз.


«Мұндайды болжай алмаймын. Сауығып кетпейінше, ауруханада болады. Денсаулығы қалай болатынын білмеймін. Қажетті ем алып жатыр», — деді бас дәрігер.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанда тұңғыш рет iPhone смартфонының жарылғаны хабарланған болатын.