Елімізде тағы бірнеше жол учаскесі ақылы болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде тағы бірнеше жол учаскесі ақылы болуы мүмкін

Елімізде тағы бірнеше жол учаскесі ақылы болуы мүмкін

Қазақстанда бірнеше автомобиль жолы учаскесін ақылы ету жоспарланып отыр.

  • 26 Қаңтар
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Интернеттегі Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобаларына сәйкес, мына жол учаскелерін ақылы ету ұсынылып отыр:

  • Балқаш – Бурылбайтал;
  • Ақтау – Бейнеу;
  • Қандыағаш – Мақат;
  • Қостанай – Денисовка;
  • Тараз қаласын айналып өтетін жол;
  • Үшарал – Достық;
  • Шу – Бурылбайтал.

Бұл жобалар Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылған және 2025 жылдың 4 ақпанына дейін талқылауға қатысуға болады.

Министрлік өкілдері бұл өзгерістердің жолдардың сапасын жақсартуға және олардың тұрақты күтіміне бағытталғанын атап өтті.