Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биыл кешенді тестілеуге қатысуға 55 мың адам өтініш берді, олардың 37 мыңы қазақ тілінде, 18 мыңы орыс тілінде тест тапсырады. Тестілеу шарасына 31,5 мың қыз, 23,5 мың ұл бала қатысады. 23 мың бала ауыл мектептерін бітірсе, 32 мыңы қаладағы білім беру мекемелерінің түлектері.
Тестілеу шарасы 21-шілдеге дейін созылады.