Елімізде тамыз айында азық-түлік өнімдерінің бағасы 0,5 процентке арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде тамыз айында азық-түлік өнімдерінің бағасы 0,5 процентке арзандады

Елімізде тамыз айында азық-түлік өнімдерінің бағасы 0,5 процентке арзандады

Елімізде тамыз айында азық-түлік өнімдерінің бағасы 0,5 процентке арзандады,- деп хабарлайды ҚР статистика жөніндегі агенттігінен.

  • 25 Тамыз 2003
  • 473
Фото - Caravan.kz

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жарма түрлерінің бағасында ең жоғары өсім байқалып, бұл өнімдердің құны 1,7%-ке қымбаттады.

2003-жылдың тамыз айында бір килә тарының орташа бағасы 55 теңгені құрады, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 13 теңгеге (31%-ке) қымбат. Ал қарақұмық жармасының орташа бағасы 112 теңгені құрады. Бұл өткен жылғыдан 39 теңгеге немесе 1,5 есе қымбат. Сондай-ақ, бидай ұнының бағасы 1,3%-ке, ет және құс етінің бағасы 0,7%-ке қымбаттады. Сұйық және мал майының бағасы 0,3%-ке, жұмыртқа құны 0,1%-ке өсті.
Көкөніс және жеміс-жидек бағасы өткен айда 6,5%-ке арзандады. Алманың бір киләсі өткен айдағыдан 19 теңгеге арзандап 101 теңгеге сатылды. Ал қиярдың бағасы өткен айдағыдан 19 теңгеге арзандап 54 теңгеге, сәбіз бағасы 11 теңгеге арзандап 51 теңгеге, қызылша құны 8 теңгеге арзандап 50 теңгеге, картоп пен пияз бағасы 4 және 5 теңгеге арзандап 36 теңгеден сатылды. Тамызда қант бағасы 1,3%-ке арзандады.

Соңғы жаңалықтар