Елімізде тегін таэквондо мектептері ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде тегін таэквондо мектептері ашылады

Елімізде тегін таэквондо мектептері ашылады

Қазақстанда  таэквондоны дамыту және балалар спортын қолдау мақсатында  Таэквондо федерациясы балаларға арналған тегін алты спорт клубын ашады, деп  хабарлады Vesti.

  • 22 Сәуiр 2014
  • 456
Фото - Caravan.kz

Федерация жаңа клубтарын спорттық жабдықтармен, қажетті мамандармен және спорт дәрігерлерімен қамтамасыз етпек.  Мұндай клубтардың бірі Астанада ашылды. Ол қазақ-түрік таэквондо мектебін ашқан  Мұстафа Өзтүріктің құрметіне  «Mustafa — Астана» деген атауға ие болды. Ашылу салтанаты аясында мектеп оқушыларына барлық қажетті жабдықтар мен спорттық киімдер табыс етілді.

«Алты аймақтық балалар спорт клубының ашылу бағдарламасының басталғанын зор қуанышпен жеткізгіміз келеді.  Онда болашақта ел намысын қорғайтын спортшылар — дарынды балалар тәлім алмақ.  Материалдық қиындықтар талантты спортшыларды тәрбиелеу ісінде кедергі тудырмас үшін, біз барлық шығындарды өтеуді өз мойнымызға алдық», — деген еді Астанадағы мектептің ашылу салтанатында ҚР Таэквондо  федерациясының президенті Вячеслав Ким.


Айта кетейік, «Mustafa-Astana» клубы «Сарыарқа» велотрегінің ғимаратында 500 шаршы метр аумақты алып жатыр.  Жақын арада еліміздің шығыс, оңтүстік, батыс және солтүстік өңірлерінде тағы бес клуб ашу көзделген. Оларда спортқа деген құлшынысы зор қазақстандық өрендердің сүйікті спорт түрімен шұғылдануына барлық жағдай жасалады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера