Елімізде технологияларды коммерциялизациялаудың 9 ілкі жобасы іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде технологияларды коммерциялизациялаудың 9 ілкі жобасы іске қосылады

Елімізде технологияларды коммерциялизациялаудың 9 ілкі жобасы іске қосылады

Республиканың 7 университетінде және 2 ғылыми-зерттеу институтының базасында коммерциялизациялау кеңселері ашылады.

  • 8 Шiлде 2011
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанада «Ұлттық инновациялық қор» АҚ және елдегі жетекші ғылыми ұйымдардың басшылығы аталмыш кеңселерді ашу жөнінде келісімге отырды.

Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамбет Әбдібековтің айтуынша, аталған кеңселер ғалымдардың инновациялық идеяларын іздеп табумен қатар оларды кәсіпорындарда енгізу деңгейіне дейін қолұшын беретін болады. Оның атап өтуінше, коммерциялизациялау кеңселері технологиялық және өндірістің әлеуеті шоғырланған 5 өңірде құрылмақ.

Вице-министр, аталған кеңселер елдегі ғылым мен бизнес арасында байланыс орнатуға, инновациялық салаға инвесторлар тартуға, маркетингтік зерттеулерді жүргізуге, жоғары технологиялы кәсіпорындарды құруға септігін тигізіп, жалпы елдің инновациялық белсенділігін арттыруға үлес қосатындығын баса айтты.

«Республика басшылығы 2014 жылға қарай инновациялық белсенділікті ел бойынша 10 пайызға, университеттер бойынша 5 пайызға арттыруды мақсат етіп қойды. Осы орайда технологияларды коммерциялизациялау жүйесін ел экономикасының барлық буындарында дамыту — аталған міндеттерді орындаудың басты кілті болып табылады. Сондықтан инновациялық даму институттарының негізгі өзекті мәселесі — ғылыми жетістіктерді өнеркәсіпке тиімді енгізу, кәсіпкерлік пен ғылым арасындағы ықпалдастықты дамыту», — деп атап көрсетті вице-министр.

Үкімет аталмыш жобада Қазақстанның ғылым мен технологиялар саласындағы мұрасын қалпына келтіру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экономика өсімінің негізі бола алатындай ғылыми-технологиялық жүйені дамудың неғұрлым тұрақты және қазіргі заманғы жолына бағыттау қажеттігін ескерткен. Осы мәселені шешу үшін ҚР Индустрия және сауда, Білім және ғылым министрліктері Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесіп, «Технологияларды коммерциялизацияландыру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеген болатын.

Соңғы жаңалықтар