Елімізде темекі бағасы тағы да өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 524.75
  • 540.6
-14 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде темекі бағасы тағы да өсті

Елімізде темекі бағасы тағы да өсті

Зерттеулер Қазақстанда 3,3 миллион ересек темекі шегетіндер бар екенін көрсеткен.

  • 9 Қаңтар
  • 6
Фото: 7kun.kz

2025 жылдың қаңтар айынан бастап темекі өнімдері айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, 20 фильтрлі темекі, фильтрсіз темекі, папирос, сигарилла және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі құны 870 теңгеге дейін өсті.

Бұған дейін 2024 жылдың басында темекі құны — 770 теңгеге дейін, ал 15 шілдеден бастап — 820 теңгеге дейін көтерілген еді.

Ерлер әйелдерге қарағанда өнеркәсіптік темекілерді, сигара және сигарилла көп шегеді. Ал әйелдер ерлерге қарағанда қолдан жасалған темекі, электронды темекі және табакты ысыту жүйелерін жиі пайдаланады. Ерлер мен әйелдер арасындағы кальян әуесқойларының үлесі бірдей.

2024 жылы шілдеде Ұлттық статистика бюросы ересек тұрғындар арасында темекі шегуге қатысты жыл сайынғы кезекті зерттеуін жүргізді. Сауалнама республикадағы барлық өңірлерді, оның ішінде ірі қалалар – Астана, Алматы және Шымкентті қамтыды. Алынған нәтижелер бойынша, қазіргі уақытта халықтың 20,7%-ы темекі шегетіні анықталды. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 19,4% болған.

Халық санын ескерсек, демек елімізде шамамен 3 миллионнан астам шылым шегетін адам бар. Дәл осындай деректерді беделді зерттеу орталығы Euromonitor да келтіріп отыр. 2024 жылдың басында олардың зерттеулері Қазақстанда 3,3 миллион ересек темекі шегетіндер бар екенін көрсеткен.