Елімізде төрт күннен кейін ҰБТ басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде төрт күннен кейін ҰБТ басталады

Елімізде төрт күннен кейін ҰБТ басталады

ҰБТ-ны қаңтарда тапсырғандар маусым айында қайта тестен өтіп, мемлекеттік грант беру конкурсына қатыса алады

  • 11 Қаңтар 2019
  • 27
Фото - Caravan.kz

Білім және ғылым министрлігі 15 –20 қаңтар аралығында ақылы негізде Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетінін хабарлады деп жазды sputniknews.kz.

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу жылына 4 рет — қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізілмек. Тестілеу ақылы негізде өтеді, құны — 2242 теңге. Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2019 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады, деп жазды ҚР премьер-министрінің сайты.

Қаңтар, наурыз, тамыз айларында өтетін тестілеуге қатысу арқылы оқуға түсуші ЖОО-ның ақылы бөліміне құжат тапсыра алады. Қаңтарда шекті балды жинаған тестке қатысушы ҰБТ сертификатымен ЖОО-ға коммерциялық негізде оқуға түседі. Сонымен қатар, ҰБТ-ны қаңтарда тапсырғандар негізгі ҰБТ-ны маусым айында да тапсырып, мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатыса алады.

"Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде 2019 жылғы маусым-шілде айларында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу қажет", — деп жазылған ҚР БҒМ ақпаратында.


2019 жылғы ҰБТ форматы еш өзгеріссіз қалатынын атап өткен жөн. Оқуға түсуші дәстүрлі түрде 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар