Елімізде тозған көлігін өткізгендердің 26 маусымнан бастап су жаңасын жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндігі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде тозған көлігін өткізгендердің 26 маусымнан бастап су жаңасын жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндігі бар

Елімізде тозған көлігін өткізгендердің 26 маусымнан бастап су жаңасын жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндігі бар

Тозығы жеткен көлік өткізгендерге жаңасын сатып алуға жеңілдік сертификаты беріледі. "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылдың 26 маусымынан бастап осы саладағы арнайы бағдарлама іске қосылады.

  • 22 Маусым 2017
  • 4542
Фото - Caravan.kz

ҚР энергетика Министрлігінің тапсырмасымен жасалған Бағдарламаны "ӨКМ Операторы" ЖШС ҚР инвестиция және даму министрлігімен және отандық автоөндірушілермен бірлесе құрастырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Бағдарлама талабына бойынша ескі техниканы өткізушіге атаулы сертификат беріледі. Қазақстанда өндірілген көлік сатып алғанда сертификат жеңілдік ретінде пайдаланылады. Жеңілдік беретін сертификаттың құны тапсырылатын көлік құралының санатына байланысты 315 мың теңгеден 650 мың теңге аралығында болады.

Бағдарлама бойынша отандық өндірушіден кез келген санаттағы көлік құралын сатып алғанда жеңілдік сертификатын пайдалануға болады. Және де бір автокөлік сатып алғанда 2 сертификатқа дейін пайдалануға мүмкіндік бар.

"Жеңілдік сертификаты атаулы және оны өзгенің атына тіркеу екі реттен артық жүргізілмейді. Сондай-ақ оны қайтарып беруге және қолма қол ақшаға ауыстырылмайды. Сертификат тіркелген күннен бастап 12 айға дейін жарамды. Тозығы жеткен көлік құралдарын жою бағдарламасы отандық парктің жаңаруына, Қазақстандық автоөндірісті ынталандыруға және утилизация саласының инфроқұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді", — делінген хабарламада. 


Бағдарлама жөнінде толық ақпаратты auto.recycle.kz ресми сайтынан оқуға болады.