Елімізде тұңғыш рет ҚР Қылмыстық Кодексінің заңды кәсіпкерлік іс-әрекетке кедергі келтіру деген бабы бойынша айыптау үкімі шығарылды- Қаржы полициясы агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде тұңғыш рет ҚР Қылмыстық Кодексінің заңды кәсіпкерлік іс-әрекетке кедергі келтіру деген бабы бойынша айыптау үкімі шығарылды- Қаржы полициясы агенттігі

Елімізде тұңғыш рет ҚР Қылмыстық Кодексінің заңды кәсіпкерлік іс-әрекетке кедергі келтіру деген бабы бойынша айыптау үкімі шығарылды- Қаржы полициясы агенттігі

Елімізде биыл тұңғыш рет ҚР Қылмыстық Кодексінің заңды кәсіпкерлік іс-әрекетке кедергі келтіру жөніндегі 189- бабы бойынша айыптау үкімі шығарылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сарапшылық кеңестің шағын және орта бизнеспен ықпалдастық жөніндегі кеңейтілген мәжілісінің қорытындысы бойынша ҚР Қаржы полициясы агенттігінен хабарлады.

  • 6 Қазан 2003
  • 733
Фото - Caravan.kz

ҚР Қаржы полициясы агенттігінің мәліметіне сәйкес, қаржы полициясының қызметкерлері тарапынан кәсіпкерлер құқығын бұзғаны үшін Астана қалалық қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері М.Тұяқов пен Т.Ысқақов қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

2003-жылдың басынан бері осы салада 42 қылмыс тіркелді. Ал жалпы 2002-жыл бойына осындай 36 қылмыс әшкереленді, бұл бұған дейінгі бірнеше жыл ішінде беті ашылған жалпы қылмыстар санымен тең.
Сондай-ақ, ҚР Қаржы полициясы агенттігінен хабарлағанындай, 2002-жылы қаржы полициясы мекемелері басқаның тауарлық белгісін заңсыз пайдалану дерегі бойынша 28 қылмыстық іс қозғады. Ал өткен жылдарда мұндай қылмыстар мүлдем дерлік ашылмайтын. 2003-жылы әшкереленген осындай қылмыстар саны 3 есе артты. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу дерегі бойынша сотқа жіберілген қылмыстық істер саны 2 есе, экономикалық контрабанда дерегі бойынша сотқа жолданған қылмыстық істер саны 10 процентке артты.
Сарапшылық кеңес қаржы полициясы мекемелерінің шағын және орта бизнеспен ықпалдастыққа бағытталған іс-қызметін үйлестіру және оның тиімділігін арттыруды көздейді.

Соңғы жаңалықтар