Елімізде тұңғыш рет татар қыздарының сұлулық байқауы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде тұңғыш рет татар қыздарының сұлулық байқауы өтті

Елімізде тұңғыш рет татар қыздарының сұлулық байқауы өтті

Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы «Қайнар» ойын-сауық орталығында Екібастұз татар-башқұрт этномәдени орталығының ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет татар қыздарының сұлулық байқауы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

  • 15 Қараша 2013
  • 487
Фото - Caravan.kz


Оған қала мектептері мен колледждерінен 7 қыз іріктеліп алынды. Байқау «Ұлттық тағам», «Қолөнер», «Шығармашылық», т.б. кезеңдерден тұрды.

Бас жүлдені Екібастұз қаласы № 17 мектебінің оқушысы Назира Жасуланова жеңіп алды. Бірінші орынды № 35 мектептің оқушысы Зиля Аюпова алып, 15 мың теңгені еншіледі. Қалған қыздар әртүрлі аталымдарға ие болды.