Елімізде тұрғындарды қызанақ пен қызамыққа қарсы жаппай иммундық егу шарасы аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде тұрғындарды қызанақ пен қызамыққа қарсы жаппай иммундық егу шарасы аяқталды

Елімізде тұрғындарды қызанақ пен қызамыққа қарсы жаппай иммундық егу шарасы аяқталды

Елімізде тұрғындарды қызанақ пен қызамыққа қарсы жаппай иммундық егу шарасы аяқталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Қараша 2005
  • 933
Фото - Caravan.kz



Иммунитетті арттыру шарасы екі кезеңмен жүргізілді. Оны жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден 662 млн. теңге бөлінді. Шараны өткізу үшін 6 мыңдай дәрігерлер мен 11 мың мейірбикелер дайындалып, 7,5 мың екпе орындары мен 1,1 мың көшпелі екпе бригадасы құрылды.
2005-жылдың 21-ақпаны мен 7-наурызы аралығында өткен шараның бірінші кезеңінде 15-25 жас аралығындағы мектеп оқушылары, ұстаздар, студенттер, медицина қызметкерлері мен әскерилерге екпе жасалды. Жалпы алғанда қызылша мен қызамыққа қарсы 1,5 млн. адамға екпе егілді. Қыркүйек пен қазан аралығында жүзеге асырылған екінші кезеңде 26-40 жас аралығындағы 1 млн. 166 мың әйелге қызамыққа қарсы вакцина егілді. Бұл вакцина қабылдауға тиіс адамдардың 99 процентін құрайды.
«Жаппай вакцина егу шарасының барысында екпеден кейінгі түрлі рекациялар мен екпеден кейін аурулар асқыну оқиғасы тіркелген жоқ»,- делінген баспасөз баянында.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанда әрбір 3-5 жылда қызылша дертінің белең алу оқиғасы тіркеледі. Осындай кезекті эпидемия 2004-жылдың қыркүйегі мен 2005-жылдың қыркүйек айлары аралығында байқалды. Осы мерзімде 18 258 адам ауырды. Олардың 70 проценті жасөспірімдер мен ересектер.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, жыл сайын дүниежүзінде 31 мың бала қызылшаға шалдығып, олардың 800 мыңы өмірмен қош айтысады.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта