Осы қаулыға сәйкес Алматы облысы бойынша Алакөл ауданының Екпінді орта мектебіне — профессор, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Малғаждар Әубәкіровтың;
Қапшағай қаласы Шеңгелді ауылының № 6 орта мектебіне — тарихшы-ғалым Қадырғали Жалаиридің;
Алакөл ауданы Үшарал қаласының аудандық Мәдениет үйіне — халық әртісі Зейнеп Қойшыбаеваның;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Аягөз ауданы Баршатас ауылының № 1 мектебіне — Оспанқұл Меңаяқұлының;
Алматы қаласы бойынша Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына — Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері Изатима Жекенованың есімі берілді
Алматы облысы бойынша Ескелді ауданы Матай Байысов ауылының Дзержинский атындағы орта мектебі — халық ақыны Темірғали Рүстембеков атындағы орта мектеп; Шығыс Қазақстан облысы бойынша Аягөз ауданы Тарбағатай ауылының Октябрь атындағы орта мектебі — Тарбағатай орта мектебі деп өзгертілді.