Елімізде ұлттық кітап күні тойланады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ұлттық кітап күні тойланады

Елімізде ұлттық кітап күні тойланады

Бұл мереке енді 23 сәуірде тойланады

  • 9 Шiлде
  • 1
© Sputnik / Санат Имангалиев

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» бекітілді, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігі.

Құжат 22 мамырға дейін қоғамдық талқылаудан өтті.

Бұл мереке мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.

«Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», – деді президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.

Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.