Елімізде улы қалдықтар мөлшері арта түсуде - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде улы қалдықтар мөлшері арта түсуде - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі

Елімізде улы қалдықтар мөлшері арта түсуде - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі

Қазақстан аумағында жинақталған улы қалдықтар мөлшері 1999-жылғы 92 млн. тоннадан 2002-жылы 150 млн. тоннаға жетті. Бұл туралы бүгін, 21-қарашада Астанада өндірістік және тұрмыстық қалдықтар бойынша өткен парламенттік тыңдауда ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова хабарлады.

  • 21 Қараша 2003
  • 2395
Фото - Caravan.kz

«Бұл сандар қалдықтарға қатысты тауқыметтің күрделілілі мен ауқымдылығын паш етеді»,- деді министр. Сондай-ақ, оның айтуынша, «кейбір сарапшылық бағаларға жүгінсек, елімізде жиналған өндірістік қалдықтар мөлшері 30 млрд. тоннадан, ал тұрмыстық қатты қалдықтар мөлшері 230 млн. тоннадан асады». А.Самақова осы орайда » қалдықтарды санақтан өткізу жұмысы бұдан да сорақы саннның бетін ашып беруі мүмкін», деген пікірін жасырмады. Осыған байланысты министрдің пайымдауынша, «әрбір өнеркәсіп саласында өндірістік қалдықтардың, ал әрбір облыста тұрмыстық қалдықтардың жедел санағын өткізу қажет».

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, «өндірістік қалдықтар улы қалдықтармен қоса бүгінге дейін әртүрлі қоқыс қоймаларында сақталуда. Көп жағдайда мұнда экологиялық талаптар мен нормалар мүлдем орындалмайды». «Өндірістік қалдықтардың дені еліміздегі тау-кендік кәсіпорындарда, көбінесе Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жинақталуда»,- деді А.Самақова. «Пайдалы қазба кеніштерінің басым бөлігі қараусыз қалдырылды немесе экологиялық талаптарды ескермей пайдаланудан шығарылғандықтан қазір қоршаған ортаға қауіп төндіріп отыр»,- деді министр. «Елімізде әртүрлі қалдықтарды екінші дәрежелі өңдейтін кәсіпорындар аз. Көп жағдайда олар қаржы тапшылығынан тауқымет тартады»,- деп атап көрсетті министр.

Соңғы жаңалықтар