Елімізде үш жол апатынан 8 адам қаза тауып, 9-ы жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде үш жол апатынан 8 адам қаза тауып, 9-ы жараланды

Елімізде үш жол апатынан 8 адам қаза тауып, 9-ы жараланды

АСТАНА. 20-қазан. Kazakhstan Today. Елімізде үш жол апатынан 8 адам қаза тауып, 9-ы жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Қараша 2006
  • 343
Фото - Caravan.kz

Мәселен, мекеме ақпаратына сәйкес, Алматы облысында Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 20-шақырымында 18-қарашада «BMW» автокөлігінің жүргізушісі «Mazda» көлігімен соғысып қалды. Апат салдарынан «Mazda» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырып, «BMW» автокөлігінің жүргізушісі мен «Mazda» көлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге Ақтөбеде 18-қарашада «ВАЗ-21099» автокөлігінің жүргізушісі «ГАЗ-24» көлігімен соғысты. Апат салдарынан «ВАЗ-21099» автокөлігінің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында мерт болып, «ГАЗ-24» көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында Сартөбе-Ауқатты тас жолында 18-қарашада «ВАЗ-2108» автокөлігінің жүргізушісі «Mercedes» автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан екі көлікте отырған жолаушы оқиға орнында мерт болып, «Mercedes» автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта