Елімізде 2003 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 1997,8 млрд. теңге болды, бұл 2002 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткіштен 7,8% артық. Өндірістің көлемі 2002 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде — 7,6%, өңдеу өнеркәсібінде — 8,1%, электр энергиясын, газ бен су өндіру және таратуда 6,5% өсті.