Елімізде ядролық медицина орталығын құру көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ядролық медицина орталығын құру көзделіп отыр

Елімізде ядролық медицина орталығын құру көзделіп отыр

Елімізде Ядролық физика институының негізінде ядролық медицина орталығын құру көзделіп отыр. Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңа саланың бірі болып табылатын ядролық медицина және биофизика саласының болашағы мен тиісті орталық құру мүмкіндіктері 17-ақпанда үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен өткен кеңесте талқыланды.

  • 18 Ақпан 2004
  • 653
Фото - Caravan.kz

Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстанда ядролық медицина әдістемелерін пайдалана отырып түрлі ауруларға ерте диагноз қойып емдеуге бағытталған Орта Азиядағы алғашқы жобаны іске асыруға қажетті мүмкіндіктер елімізде толық. Атап айтқанда, бұл әдістеме адам ағзасының біртұтастығын бұзбай-ақ, ағзадағы кез-келген биохимиялық процесстер мен ауру сатыларын зерттеуге және паталогияны бір жерде шоғырландыруға мүмкіндік бермек. Жоғары дамыған елдерде кеңінен қолданылатын бұл әдістеме ТМД аумағы бойынша Ресейдің бір ғана клиникалық мекемесінде қолданылып келеді.

Мамандардың пікірінше, Қазақстанда ядролық медицина орталығын құру дәрігерлер мен ғалымдар үшін ғылыми-техникалық және өндірістік базаны нығайтуға, білікті мамандар дайындауға, ТМД аумағындағы бірден-бір жоғары технологиялы радиациялық фармацевтикалық препараттар өндірісін құруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, жаңа әдістеме науқасты емдеу сапасын жақсарту, емделу мерзімін қысқарту арқылы емдеуге жұмсалатын қаржыны үнемдеуге септігін тигізбек.
Жобаны талқылау барысында, Даниал Ахметов осынау прогрессивті сипаттағы инновациялық жоба радиациялық фармпрепараттардың тәжірибелік партиясын шығарудан өндірістік өнім шығара бастауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар диагностикалық ядролық медицинаның жаңа бағыты — позитрон-эмиссиондық томографияны меңгеруге жол ашатынын атап өтті.
Үкімет басшысының айтуынша, бұл әдістеме әлемде кеңінен қолданылуда. Тек АҚШ-та ғана жыл сайын 13 миллионнан астам зерттеу және 100 миллионға жуық тест жүргізіледі. «Демек, бұл бағдарлама әлімнің ең дамыған елдерінде іске асырылуда. Бізге дәл осындай орталық құру керек деп ойлаймын»,- деді үкімет басшысы.
Кеңес соңында Үкімет басшысы тиісті министрліктерге бір апта ішінде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттарын дайындауды, сондай-ақ жобаны басым бағыттағы инвестициялық жобалар тізбесіне енгізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар