Елімізде ыстық ауа райы әлі де сақталады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ыстық ауа райы әлі де сақталады

Елімізде ыстық ауа райы әлі де сақталады

Синоптиктер бүгін де елімізде ауа райының құбылмалы болатынын хабарлады. Десе де, оңтүстік-шығыста, орталық және шығыс өңірлердің кей жерлерінде ыстық ауа райы күтіледі. 

  • 11 Шiлде 2017
  • 282
Фото - Caravan.kz

Солтүстік  Қазақстан,   Ақмола,  Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін, Солтүстік  Қазақстан  облысының кей жерлерінде түнде және таңертең  тұман болады. Қызылорда облысының кей желерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады. Қостанай,  Павлодар,  Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, күндіз Қарағанды, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші  15-20 м/с болады.  

Күндіз Алматы облысында, Қарағанды , Шығыс Қазақстан облыстарыныңда кей жерлерде қатты ыстық сақталады.  

Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл  Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Астана қ: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауаып, найзағай болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +13+15°С, күндіз 
+22+24
°С болады.                                                                                                                                 

Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +21+23°С, күндіз +32+34°С болады.                                                                                       

Соңғы жаңалықтар