Елімізде заңсыз қарыз беретін 700-ге жуық ұйым бар - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде заңсыз қарыз беретін 700-ге жуық ұйым бар

Елімізде заңсыз қарыз беретін 700-ге жуық ұйым бар

Заңгер, адвокат Қабанбай Қуанышев уақытша қарыз беріп, заеммен айналысатын түрлі шағын қаржылық ұйымдардың қызметі заңсыз екенін айтады.

  • 24 Ақпан 2020
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы baq.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Еліміз бойынша Ұлттық банкке тіркелмей ЖШС, ЖК болып қана халыққа қарыз берумен айналысатын мекемелер көбейді. Тіпті еліміз бойынша 700-ге жуық тіркеусіз жұмыс істеп жатқан қаржылық ұйым бар" – дейді ол.

Оның айтуына қарағанда бұл ұйымдарды қолдап, жұмыс істеуіне мүмкіндік жасап отырған ықпалды топ болуы мүмкін.

"Мен осы саламен айналысып жүргеніме төрт жылға жуықтады. Содан бері Үкімет тыйым салу шараларын қолға алып жатырмыз деген. Әлі сол бойы. Билік тарапынан ешқандай әрекет жоқ" – дейді заңгер.


Қабанбайдың айтуына қарағанда шағын несиелік ұйымдардың арбауына түсіп қалатындардың 90 пайызы қазақтар.

Жалпы шағын несиеге ұрынып қалғандар, одан құтылудың жолдары жайлы толығырақ видеосұқбаттан біле аласыздар.