«Мұндай шешім зейнетақы активтерін инвестициялық басқару іс-шараларының тәртібіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін және олар әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді»,- деді ол.
Мәселен, Е.Бахмутованың айтуынша, «екінші деңгейлі банктерге, Халық банкі мен Ұлттық банктегі салымдар мөлшерін 10 проценттен 15 процентке арттыру межеленген. Сондай-ақ, зейнетақы рыногы субьектілерінің ұсынысы бойынша салым мерзімі 3 айдан 1 жылға дейін ұзартылды».
Бұған қоса, «сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген құнды қағаздар мен ипотекалық құнды қағаздарға жұмсалатын салым шектеуін 15 проценттен 20 процентке дейін арттыру көзделген»,- деді Е.Бахмутова.
Агенттік шешімімен «бұдан былай тек тазартылған алтынға ғана емес, сонымен бірге тазартылған құнды металдарға 5 процент мөлшерінде, шетелдік эмитенттердің инвестициялық қорларына пай ретінде 30 процентке дейін қаржы жұмсауға болады».
«Қаржылық құралдардың мұндай түрлері біздің пікірімізше, осы саладағы ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді»,- деді ол.