Елімізде зейнетақы төлемдерін жасаудың жаңа тәртібі енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде зейнетақы төлемдерін жасаудың жаңа тәртібі енгізілді

Елімізде зейнетақы төлемдерін жасаудың жаңа тәртібі енгізілді

ҚР үкіметінің 2003-жылғы 4-шілдедегі қаулысы бойынша Зейнетақы жинақтаушы қорлардан зейнетақы төлемдерін жасаудың жаңа тәртібі мен кесте бойынша зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу әдістемесі бекітілді,- деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

  • 20 Тамыз 2003
  • 918
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, бұл тәртіптер азаматтарды өмір бойы зейнетақымен қамтамасыз етуді қарастыратын Зейнетақы жинақтаушы қорлардан зейнетақы төлемдерін жасау жүйесін қолданысқа енгізу қажеттігіне сәйкес жасалып отыр. Бұл тәртіптер дербес зейнетақы шотындағы зейнетақы жинағының мөлшеріне және Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы көлеміне қарай міндетті зейнетақы жарнасының есебінен зейнетақы төлемдерінің нақты мөлшерін кесте бойынша есептеу ретін белгілейді.

Сонымен қатар, зейнет жасына жеткен салымшылардың зейнетақы жинақтары мардымсыз болуы себепті таяу бірнеше жылда кесте бойынша немесе аннуитет түрінде төлемдер жасау схемаларын қолдануға мүмкіндік бермейтіндіктен ондай адамдар үшін жеңілдетілген тәртіп белгіленді. Олар зейнетақы жинақтарын бір мәрте төлем түрінде алуға құқығы бар,- деп хабарлайды министрлік .
Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының көлемі 100 мың теңгеге жетпейтін немесе тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының 20 еселенген мөлшеріне жетпейтін жинағы бар барлық азаматтар Мемлекеттік Зейнетақы орталығынан төленетін зейнетақы мөлшеріне қарамастан зейнетақы жинақтарын толық көлемде алуға мүмкіндігі бар.
Министрлік ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен елімізде Орталықтан төленетін зейнетақы мөлшері бюджет туралы заңда көрсетілген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен белгіленген адамдар өте аз. Мұндай азаматтар үшін тәртіптер нормасы ретімен қолданыла бастайды.
Біріншіден, зейнеткерге Орталықтан белгіленген ай сайынғы зейнетақы төлемдері мен кесте бойынша берілетін төлемдердің жалпы көлемі ең төменгі зейнетақыдан аз болуға тиіс емес.
Екіншіден, кестелік зейнетақы төлемдерінің жылдық қосындысы мынадай шамалардың ішінен ең үлкені ретінде таңдалады : ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшері мен Орталықтан белгіленген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы арасындағы айырмашылықтан, сондай-ақ, зейнетақы төлемдері мен зейнеткердің жас мөлшеріне қатысты коэффиценттің көбейтіндісінан түзілген шамалар.
Зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшерін есептеуде 1-қаңтардан бастап 31-желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл негізге алынады. Зейнеткер зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасын оны алуға барған мерзіміне қарамастан толық көлемде алуға құқығы бар. Жылдық зейнетақы төлемін өтеу мерзімі (ай сайын, тоқсан сайын немесе жыл сайын) алушының таңдауына сәйкес қосымша келісім негізінде белгіленеді.
Зейнетақы жинақтарын алуға дайындалған құжаттар қолға тигеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде Зейнетақы жинақтаушы қорлар зейнетақы төлемдерінің кестесі нақтыланған қосымша келісімнің жобасын жасап зейнеткерге тапсырады. Бұл зейнетақы қамтамасыздығы жөніндегі келісім шартының ажырамас бөлігі.
Ал ерікті кәсіби зейнетақы жарнасы есебінен төленетін зейнетақы жинақтарының төлеміне келсек, заң бойынша мұндай жинақтар жеке және заңды тұлғалардың мамандық тізіміне қарай белгіленген ерікті жарнасы есебінен қалыптасады. Жаңа тәртіп бойынша осындай жарна есебінен зейнетақы төлемдерінің жылдық көлемі салымшы мен зейнетақы жинақтаушы қор арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Зиянды және ауыр еңбек түрлеріне жататын мамандықтар тізімі ҚР үкіметінің 2003-жылғы 15-мамырдағы қаулысына сәйкес бекітілген.