Елімізде жаңа ғылыми мектептер қалыптасады – БҒМ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жаңа ғылыми мектептер қалыптасады – БҒМ

Елімізде жаңа ғылыми мектептер қалыптасады – БҒМ

Бүгінгі таңда ғылыми жұмыстардың 56%-ын жоғары оқу орындары жүзеге асыруда. Бұл туралы ҚР БҒМ алқа отырысы шеңберіндегі «Қазақстан ғылымын дамытудың өзекті мәселелері» секциясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

  • 31 Қаңтар 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz

«Олардың басым көпшілігі ҚазҰУ, ЕҰУ, ҚазҰТЗУ, Назарбаев Университетінде, Қазақ агротехникалық университетінде, ҚазҰПУ-да шоғырланған. Жыл соңына дейін конкурстық негізде үздік ЖОО іріктелетін болады. Олардың базасында министрліктің қаржылық қолдауымен «Академиялық басымдықтар орталығы» құрылады», — дейді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, мұндай орталықтардың негізгі міндеті – жаңа ғылыми мектептерді қалыптастыру және әлемдегі өз зерттеулерін ілгерілету арқылы жаңагенерацияны зерттеушілерді даярлау.

«Нәтижесінде мұндай жоғары оқу орындары QS және Times Higher Education рейтингтерінде лайықты орын алуы тиіс. Сондай-ақ, докторанттарға оқу аяқталғаннан кейін министрлік тарапынан төлемсіз тағы бір жыл беру жоспарланып отыр. Оның ішінде оқуды жалғастыруға және санкциясыз қорғауға шығуға рұқсат етіледі», — дейді ол