Елімізде жаңа ішкі істер министрі тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жаңа ішкі істер министрі тағайындалды

Елімізде жаңа ішкі істер министрі тағайындалды

Республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ҚР ішкі істер министрі болып Зауытбек Тұрысбеков тағайындалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қыркүйек 2003
  • 351
Фото - Caravan.kz

З.Тұрысбеков 1951-жылдың желтоқсан айында Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ол Қазақ химия-технология институтын бітірді. Еңбек жолын оқытушылық жұмыстан бастады.

Соңғы жылдарда ҚР көші-қон және демография жөніндегі Агенттігін басқарды, ҚР президентінің әкімшілігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2000-жылдың тамыз айынан бері ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің төрағасы болды.
Бұған дейін ҚР ішкі істер министрі болған Қайырбек Сүлейменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен босатылды.

Соңғы жаңалықтар