Номиналы 500 теңгелік жаңа мерейтойлық тиындар Қазақстан темір жолының 100 жылдығына арналған. Металл ақша 925 сынамды күмістен жасалған, массасы — 24,00 грамм, диаметрі — 34 мм, қалыңдығы — 2,7 мм.
Мерейтойлық күміс тиындар Қазақстан теңге сарайында 3 мың данамен жасалған. Күміс металл ақшалар тұрақты құны бойынша бүкіл Қазақстан аумағында барлық төлем түрлері бойынша қабылдануы тиіс. Алайда, ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, күміс тиындар бірінші кезекте нумизматтық тұрғыда құнды. Жаңа тиынның коллекциялық құны 3 мың теңге тұрады.