Елімізде жаңа туған нәрестенің бағым-күтіміне арналған бір мәрте жәрдемақыны төлеу тәртібі жеңілдетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жаңа туған нәрестенің бағым-күтіміне арналған бір мәрте жәрдемақыны төлеу тәртібі жеңілдетілді

Елімізде жаңа туған нәрестенің бағым-күтіміне арналған бір мәрте жәрдемақыны төлеу тәртібі жеңілдетілді

Үкімет жаңа туған нәрестенің бағым-күтіміне арналған бір мәрте жәрдемақыны төлеу тәртібін біршама жеңілдетуге арналған қаулыны бекітті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Желтоқсан 2003
  • 650
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, бұрынғы тәртіпке енгізілген өзгертулерге сәйкес, ендігі жерде жаңа туған нәрестеге арналған жәрдемақы баланың ата-анасының қайсыбіріне беріледі. Бір мәрте жәрдемақыны тағайындау үшін бұдан былай баланың туылуы туралы куәліктің немесе баланың туғаны туралы емдеу мекемесінен берілген анықтаманың көшірмесін көрсетсе жетіп жатыр. Сондай-ақ, жәрдемақы алу үшін өтініш тапсыру мерзімі бала туған күннен бастап 6 айдан 12 айға дейін ұзартылды.

Бұл қаулы 2003-жылдың 1-қаңтарынан бері туған балалар үшін қуатты.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлағанындай, жәрдемақы алу үшін зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа хабарласу керек.

Соңғы жаңалықтар