Елбасының пікірінше, 2005-2007-жылдарға межеленген әлеуметтік реформаларды одан әрі нығайту еліміздегі әрбір отбасына септігін тигізбек.
Н.Назарбаев 2005-жылдан бастап жекелеген ауру түрлеріне сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мен екіқабат әйелдерді құрамында темір мен иоды бар дәрілермен қамтамасыз ету тегін жүзеге асырылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының пайымдауынша, 2006-жылдан бастап стационарлық есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету жүйесіне көшу қажеттігін айтты.
2006-жылдан бастап әлеуметтік жағынан аз қорғалған және көп балалы отбасылар мен барлық топтағы мүгедектерге арналған жәрдемақылар мен арнулы мелмекеттік жәрдемақылар мөлшері артады.
«2006-жылы асыраушысынан айрылған 247 мың отбасына 1 мың теңге көлемінде қосымша қолдау көрсету қажет»,- деді президент.