Елімізде жаңа үлгідегі акциздік маркалар шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жаңа үлгідегі акциздік маркалар шығарылды

Елімізде жаңа үлгідегі акциздік маркалар шығарылды

Елімізде импорттық және отандық арақ-шарап және темекі өнімдерін таңбалау үшін жаңа үлгідегі акциздік алым маркалары шығарылды. Осы жөніндегі үкімет қаулысының мәтіні кеше , 12-тамызда ресми баспасөз беттерінде жарияланды.

  • 13 Тамыз 2003
  • 758
Фото - Caravan.kz

Құжатта атап көрсетілгеніндей, бұл шара кейбір түрлі акциздік тауарлардың жасырын саудасы мен заңсыз өндірісіне жол бермеу, акциздік тауарларды акциздік алым маркасымен таңбалау тәртібін жетілдіру мақсатында қолданылып отыр.

Қаулыға сәйкес, спиртті өнімдерді жаңа үлгідегі акциздік алым маркаларымен міндетті түрде таңбалау ережесі 2003-жылдың 10-тамызынан бастап, ал темекі және құрамында темекісі бар басқа да өнімдерді таңбалау тәртібі биылғы жылдың 1-қазанынан бастап күшіне енеді.
Қаулыға қосымшада көрсетілгеніндей, жаңа үлгідегі акциздік алым маркаларымен таңбаланатын спиртті өнімдердің тізімінде шараптар, маркалы шараптар, коллекциялық шараптар, шампан шарабы, шараптық сусындар, арақ, коньяк, бренди, ликер-арақ өнімдері мен басқа да күшті және әлсіз алкогольді сусындар бар.
Сондай-ақ, ҚР қаржы министрлігінің салық комитетіне ҚР Ұлттық банкінің банкнот жасау фабрикасымен жаңа үлгідегі акциздік алым маркаларын шығару жөніндегі келісім шартқа қол қою, спиртті және темекі өнімдерін өндірушілер мен импорттаушылардан 2003-жылғы акциздік марканы сатып алу жөніндегі тапсырысты қамтамасыз ету, сондай-ақ, акциздік алым маркасымен таңбалануға тиіс акциздік тауарлар өндіру және сатумен айналысушы жеке және заңды тұлғалардың спиртті және темекі өнімдерінің санағын жүргізу тәртібін дайындау туралы тапсырма берілді.
Үкімет қаулысы баспасөз беттерінде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.