Елімізде жасалатын жасанды түсіктердің 3,8 проценті 15-18 жас аралығындағы қыздардың үлесінде - ана мен бала денсаулығын қорғау орталығы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жасалатын жасанды түсіктердің 3,8 проценті 15-18 жас аралығындағы қыздардың үлесінде - ана мен бала денсаулығын қорғау орталығы

Елімізде жасалатын жасанды түсіктердің 3,8 проценті 15-18 жас аралығындағы қыздардың үлесінде - ана мен бала денсаулығын қорғау орталығы

Елімізде жасалатын жасанды түсіктердің 3,8 проценті 15-18 жас аралығындағы қыздардың үлесінде. Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген зерттеулер қорытындысы осындай жағдайды паш етіп отыр, - деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2004
  • 893
Фото - Caravan.kz

Республикамыздың көптеген аймақтарында жасөспірімдер арасында түрлі гинекологиялық аурулар жиілеп кетті.Бүгінде әрбір 100 мың қызға шаққанда осындай 1466,5 жағдай тіркеліп отыр. Мамандардың айтуынша, қазіргі жасөсіпірім-қыздар үшін «жыныстық қатынасты ерте бастап, онымен беталды айналысу, сондай-ақ, жыныстық айрықша белсенділік» факторалары проблеманың өзегіне айналды. Сондай-ақ, сарапшылардың айтуынша, әсіресе қалалық қыздар «жыныстық қатынасқа ерте ерік беретіндіктен», олардың арасында ерте жүкті болу және жиі түсік тастау оқиғалары көбірек кездеседі.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының өлшемдері бойынша жасанды түсік тастау — аналар арасындағы өлім көрсеткіші жағынан 5-ші орында. Ал жасөспірімдер арасындағы өлім көрсеткіші жағынан ол тіпті екінші орында тұр.

Соңғы жаңалықтар