Елімізде жасанды ұрықтандыру арқылы 10 мыңыншы бала дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жасанды ұрықтандыру арқылы 10 мыңыншы бала дүниеге келді

Елімізде жасанды ұрықтандыру арқылы 10 мыңыншы бала дүниеге келді

Бұл сәбиді отбасы 5 жыл зарыға күткен. Енді ұзақ уақыт бойы бір балаға зәру болған Сарбалиндер бірден егіз перзент сүйіп отыр.

  • 11 Сәуiр 2015
  • 329
Фото - Caravan.kz

Шақалақтардың есімі Жанерке мен Жалғас. Екеуінің де денсаулығы жақсы. Ал сәбиді көптен күткен әке-шешесінің қуанышы қойындарына сыймай жүр. Олар жасанды ұрықтандыруға бір жарым жыл бұрын кезекке тұрып, квота арқылы қол жеткізген. Жасанды ұрықтандыру елімізде 20 жыл бұрын жолға қойылды. Осы уақыт аралығында ондаған медициналық орталықтар ашылып, мыңдаған отбасы бала сүйді. Негізі мұндай әдіспен сәбилі болу үшін 300 мыңнан 700 мың теңгеге дейін қаржы қажет. Бірақ мемлекет квоталардың санын арттырамыз деп отыр. Биылдың өзіне жасанды ұрықтандыруға 750 квота бөлініпті.