Елімізде жастар арасындағы нашақорлықты анықтау үшін жаппай тестілеу шарасын енгізу мүмкіндіктері қарастырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жастар арасындағы нашақорлықты анықтау үшін жаппай тестілеу шарасын енгізу  мүмкіндіктері қарастырылуда

Елімізде жастар арасындағы нашақорлықты анықтау үшін жаппай тестілеу шарасын енгізу мүмкіндіктері қарастырылуда

ҚР білім және ғылым министрлігі еліміздегі жоғары оқу орындары мен орта мектептерде жастар арасындағы нашақорлықты анықтау үшін жаппай тестілеу шарасын енгізу мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл туралы бүгін, 19-желтоқсанда Астанада білім және ғылым министрлігінің коллегиясында хабарланды.

  • 19 Желтоқсан 2003
  • 792
Фото - Caravan.kz

«Біз жоғары оқу орындары мен орта мектептерде жастар арасындағы нашақорлықты анықтау үшін жаппай тестілеу шарасын енгізу мүмкіндіктерін іздестіріп жатырмыз»,- деді журналистер сауалына жауап берген ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Күләш Шәмшидинова.

«Мұндай шара қолдануға басты себеп, 5-11 класс оқушылары арасында жүргізілген зерттеу қорытындысы анықтап бергеніндей, осындай жас шамасындағы балалардың 10 проценті әредік болса да есірткі тұтынатын болып шықты»,- деді вице-министр. К.Шәмшидинованың пайымдауынша, «біз ең алдымен есірткіні кімдер тұтынатынын анықтап алуымыз керек. Осыдан кейін барып әлгіндей балалармен жұмыс істеуді қолға алған жөн».
Алайда, министрдің орынбасары жоғары оқу орындары мен орта мектептерде жаппай тестілеу шарасы қалай енгізілетіні туралы сауалға жауап беруден бас тартты. «Қазір бұл мәселе төңірегінде біз ойланып-толғанып жатырмыз»,- деді ол. Алайда, вице-министрдің айтуынша, «тестілеу шарасының өзі өте оңай әрі тез арада нәтижесін береді. Ол өте оңай медициналық процедураға негізделген»,- деп атап көрсетті К.Шәмшидинова.
ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеевтің коллегияда жария еткен мәліметіне сәйкес, «студент жастардың 5 процентке жуығы түрлі деңгейде есірткі тұтынады әрі бұл көрсеткіштің арта түсу ағымы байқалып отыр». Осы орайда Ж.Күлекеев «бұл проблема кешелі-бүгін ғана алдымыздан шығып отырған жоқ, әрі одан құтылу үшін біраз уақыт керек. Проблеманы шешудің бұдан оңай жолы да әзірге табылмай отыр «,- деп ағынан жарылды.

Соңғы жаңалықтар