Жарияланды: 490

Елімізде жедел төлем жасаудың жаңа жүйесі іске қосылды

Елімізде жедел төлем жасаудың жаңа жүйесі іске қосылды

Бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында әлемнің 17 еліндегі жедел төлем рыногында жұмыс істейтін QIWI холдингі бүгіннен бастап Қазақстан аумағында "QIWI" атты Қазақстандағы жедел төлемдердің бірлескен жаңа сервисі жұмыс істей бастағанын жария етті.

"Қазірдің өзінде Қазақстанның түпкір-түпкіріне орналасқан 7500-ден астам бірлескен жедел төлем терминалдары жүйесі QIWI бренді негізінде жұмыс істей бастады. Оған 157 провайдер қосылған. Ол терминалдар арқылы каталог бойынша тауар алуға, интернат дүкендерге тапсырыс беріп, сауда жасауға, Қазақтелеком, Алматыэнерго және Шығысэнерготрейд сынды компаниялардың коммуналдық қызмет ақысын тез әрі оңай төлеуге болады. Терминалдар аптасына жеті күн, күні бойы 24 сағат жұмыс істейді. Елімізде осы сынды төлем нүктелері жылдан жылға артып келеді. Бүгінде біздің агенттеріміз кіші және орта бизнестегі 3 300 кәсіпкерлер болып табылады",-деді Қазақстандағы QIWI төлем жүйесінің бас директоры Владимир Ким. Оның айтуынша, күзге қарай елімізде 20 мыңнан астам жедел төлем қабылдау нүктесі жұмыс істейтін болады. Владимир Ким сонымен қатар: "Қазіргі уақытта жұмыстың басты бағыты әлеуметтік маңызы бар - тұрғын үй комуналдық қызмет төлемдері бойынша жұмысты қолға алу болып отыр",-деп атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстандағы жедел төлемдер рыногы дамудың жаңа сатысына көшті. "Серіктестермен өзара қарым-қатынасқа негізделген төлем жүйесі тұтынушылармен тікелей байланыс орнататын және жоғары сапалы қызмет көрсетуге кепілдік беретін біртұтас сервиске айналып отыр»,-деді В. Ким баспасөз мәслихаты барысында. QIWI тұтынушылар бренді тұңғыш рет 2008 жылы Ресей нарығында пайда болды. Бүгінгі таңда QIWI төлем сервисі ТМД мен алыс шетелдер аумағында жұмыс істейді. Ол күнделікті қызмет түрлерінің ақысын төлейтін танымал құралға айналып үлгерді. Мәселен, Ресейде QIWI сервисі жедел төлемдер рыногының 43%-дан астамын жаулап алды, 2010 жыл қорытындысы бойынша бұл жүйені айына 80 миллионнан астам адам пайдаланады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін