Елімізде жүкті әйелдердің құқығының қорғалу жағдайына жасалған зерттеулер аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жүкті әйелдердің құқығының қорғалу жағдайына жасалған зерттеулер аяқталды

Елімізде жүкті әйелдердің құқығының қорғалу жағдайына жасалған зерттеулер аяқталды

Елімізде жүкті әйелдердің құқығының қорғалу жағдайына, соның ішінде ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін алу жағдайына және Қазақстан аймақтарындағы перзентханалардың бюджетінің ашықтық ахуалына жасалған зерттеулер аяқталды. Ақтөбе, Тараз және Семейде өткізілген мониторинг қорытындысы туралы, жобаның авторы, "Әділеттілік орталығы " атты қоғамдық ұйымның директоры Шолпан Әйтенова хабарлады.

  • 13 Қараша 2003
  • 706
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, зерттеу жұмыстары «Евразия» қоры қаржыландырған «Ашықтықты жөргектен бастайық » атты жоба аясында өткізілді. Мониторинг әйелдердің ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін алу туралы хабардарлық деңгейін анықтау, перзентханалардың бюджетінің ашықтығы және аталмыш мекемелерді қаржыландыру деңгейінің жеткіліктілігі тәрізді үш мәселені зерттеу үшін өткізілді.

Ш.Әйтенованың хабарлауынша, еліміз әйелдерінің басым көпшілігі ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі туралы мүлдем бейхабар. Мониторинг нәтижесі көрсеткендей, Ақтөбелік әйелдердің 76 проценті, Тараздық әйелдердің 60 проценті, Семейлік әйелдердің 30 проценті бұл туралы білмейтін болып шықты.
«Әділеттілік орталығы » қоғамдық ұйымы директорының айтуынша, «Бұл тұрғыда жеке меншік перзентханалардағы жағдай тіптен нашар, мұндай мекемелер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстан құралақан қалмайтынына қарамастан ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі туралы өз емделушілеріне ешқандай хабар бермейді».
Ш.Әйтенованың айтуынша, мониторинг нәтижесі Тараздық және Семейлік перзентханалар бюджетінің әжептәуір ашықтығын көрсеткен. Ал Ақтөбедегі перзентханалар бюджетінің ашықтығын зерттеуге жасалған әрекеттер «шенеуніктер тарапынан қойылған тосқауылдарға» душар болған. Олар қоғамдық ұйым өкілдеріне мәліметтер беруден бас тартыпты.
Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, зерттеуге жұмылдырылған әйелдердің тең жартысынан астамы перзентханалардағы қызмет көрсету сапасына көңілдері толатындығын айтқан. Ал арыз-шағымдардың басым бөлігі «медициналық қызметкерлер тарапынан көрсетілетін дөрекілік, дәрі-дәрмектің жоқтығы, «дәрігерлердің ұртын майламай» медициналық көмекке қол жеткізудің мүмкін
еместігі » туралы болған.
Перзентханалардың қаржыландырылу жағдайына жасалған мониторинг бұл көрсеткіштің төмендігін айғақтады. Ш.Әйтенованың айтуынша, перзентханалардың басым бөлігі аталмыш мекемелердің бюджеті көтеретіндей деңгейден әлдеқайда артық мөлшерде әйелдерді қабылдайтыны мәлім болған. Соған қарамастан перзентханалардың басым бөлігі 70-ші жылдарда жасалған ескірген жабдықтармен жұмыс істейді. Бұл факторлардың барлығы көрсетілетін медициналық көмек деңгейінің төмендеуіне апарып соғуда дейді қоғамдық ұйым өкілдері.
Зерттеу қорытындылары бойынша жоба авторлары тиісті мекемелерге бірқатар ұсыныс-нұсқаулар жолдады. Олар мемлекеттік мекемелер тарапынан перзентханаларды қаржыландыруға деген көзқарасты өзгертуге, халықтың ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі туралы ақпараттан хабардарлық деңгейін арттыру хақында.

Соңғы жаңалықтар