Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
-2025 жылы жұмыссыздарды VR-технологиялары (жұмыссыз азаматтарға практикалық дағдыларын шыңдауға мүмкіндік беретін арнайы жабдықталған кабинеттер) негізінде оқыту бойынша пилоттық жоба жоспарланған. Мансап орталықтарында (Қонаев, Өскемен, Түркістан, Астана және Шымкент қалалары) оқытуды ұйымдастыру үшін 5 VR-курсы («Еңбек қауіпсіздігі және қорғау негіздері», «Дәнекерлеу ісінің негіздері», «Слесарлық істің негіздері», «Токарлық істің негіздері», «Кондитерлік істің негіздері») сатып алынып жатыр, — деді Үкімет басшысы жауабында.
Сонымен қатар ол «Жобалардың инновациялық навигаторы» цифрлық платформасы енгізілгенін атап өтеді.
-Ол мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру, инвестициялық жобаларды кешенді мониторингтеу, мердігерлер қызметін бақылау мен жұмыс орындарын құру көрсеткіштерін бағалауға арналған, — деді Олжас Бектенов.