Жарияланды: 330

Елімізде журналистердің этикалық кодексі қабылданды

Ар мен ұят. Енді ақпарат құралдарының қызметкерлері жұмыс барысында осы қағидалардан аттап кетпеуі қажет. Бүгін елімізде тілшілердің этикалық кодексі қабылданды.

Құжат сегіз баптан тұрады. Онда кәсіби міндет, жауапкершілік, әділдік, ақпараттық қауіпсіздік сынды тілші қызметінің негізгі ұстанымдары негізделген. Яғни, тілшілердің ақпаратты алу тәртібі мен оны шынайы тарату ережелері анық жазылған. Қазақстан Журналистері одағы мен Бас редакторлар клубы үш ай бойы әзірлеген құжат бүгін де қызу пікірталас тудырды. Соңында еліміздегі ақпарат құралдарының жетекшілері кодексті бірауыздан қолдап қол қойды. Бір айта кетерлігі кодекстің заңдық күші жоқ, сондықтан журналисті қудалауға себеп бола алмайды.

Жүсіпбек Қорғасбек, журналист:

- Ерікті түрде журналистер мен бас редакторлар қауымының айтқандарын өзіміз ерікті түрде мойындамауымыз керек. Ал енді еріксіз түрде қорқып, дірілдеп отыратын болсақ журналистика  - журналистика болмайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін