Елімізде жүзеге асырылып жатқан СПИД-пен күрес бағдарламасы тиімсіз - Есеп комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жүзеге асырылып жатқан СПИД-пен күрес бағдарламасы тиімсіз - Есеп комитеті

Елімізде жүзеге асырылып жатқан СПИД-пен күрес бағдарламасы тиімсіз - Есеп комитеті

Қазақстан Республикасында СПИД індетінің белең алуына қарсы күрес жөніндегі 2001-2005-жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру елімізде аурудың таралуына тиімді күрес жүргізуге түрткі бола алмайды. Бұл туралы бағдарламаның жүзеге асырылу тиімділігін тексерген республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметінен таратылған хабарламада айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Ақпан 2005
  • 915
Фото - Caravan.kz

«Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесіне жасалған талдау қорытындысы көрсеткеніндей, жүзеге асыру мерзімі аяқталғанда алға қойылған барлық мақсаттар мен міндеттер орындалмай қалғалы отыр»,- делінген хабарламада. Мәселен, профилактикалық шараларға тұрақты қамтылушы есірткіні инемен тұтынатын нашақорлар мен жезөкшелердің үлес салмағы тиісінше 12 және 27,9 процентті құрайды. Ал бағдарламалық көрсеткіш 50 процент. Сонымен бірге осындай «қауіпті топ» өкілдерінің өз еркімен ақыл-кеңес алуға келу және тестілеу шарасынан өту санын арттыру мүмкін емес.

Бағдарламаның 20 млрд . теңгені құрайтын жекелеген бағыттарын қаржыландыру көздері айқындалмаған.
«Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ВИЧ/СПИД-тің таралуына қарсы күрестің мультисекторлық сипаты қамтамасыз етілмеу салдарынан халыққа арналған профилактикалық бағдарламалардың нәтижесіне салқынын тигізуде»,- делінген хабарламада. ҚР білім және ғылым министрлігі ВИЧ індетінің алдын алу мәселесін орта, арнаулы орта және бастапқы кәсіптік білім беру ошақтарының міндетті оқыту бағдарламасына енгізбеген. Қорғаныс министрлігі сарбаздар құрамының ВИЧ/СПИД туралы сауатын ашуға қадамдар жасамаған. Сонымен бірге ҚР үкіметі мен Ғаламдық қор арасындағы келісімде қарастырылған алмастыру терапиясы туралы пилотты жоба жолға қойылмаған.
Отырыс қорытындысы бойынша Есеп комитеті үкіметке СПИД індетінің белең алуына қарсы күрес жөнінде жаңа бағдарламаның жобасын жасау және бағдарламаны жеткілікті мөлшерде қаржыландыру туралы нұсқау берді.
Сонымен бірге Есеп комитеті СПИД-пен күресті салааралық үйлестіруді ұйымдастыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің ролін күшейтуді және бағдарламаны жүзеге асыру бойынша лауазым иелерінің жауапкершілігін арттыруды ұсынады.

Перейти к новостям спорта