Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әнуар Юсупов мәлімдеді, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
"Жыл басынан бері республиканың су айдындарында 71 адам суға батып кетті, оның ішінде 23 бала бар. Шомылу маусымының басынан бері 35 адам суға кетті, оның 17-сі балалар",— деді Әнуар Юсупов.
Спикердің сөзінше, Алматы қаласында 44 су айдыны бар, олардың 12-сі шомылуға қауіпті.
"Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Бүгінгі таңда 100-ден астам рейд жүргізіліп, 1600-ден астам жадынама таратылды. Рейдтерге ескерту машинасы мен ұшатын дрон тартылады. Бұл дронның бірегейлігі-ол тек жағдайды бақылап қана қоймайды, сонымен қатар тыйым салынған жерлерде шомылғысы келетіндерді ескерту үшін дауыс зорайтқышты қолдана алады",- деді ол.
Суды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша 12 адам әкімшілік жауапқа тартылды.