Елімізде жыл сайын мың адам ата-ана құқығынан айырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жыл сайын мың адам ата-ана құқығынан айырылуда

Елімізде жыл сайын мың адам ата-ана құқығынан айырылуда

Биыл елімізде "Бақытты балалық шақты қорғау" жылы болып жарияланды.

  • 1 Наурыз 2018
  • 156
Фото - Caravan.kz

Бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жыл сайын бес мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір мыңдай адам ата-ана құқығынан айырылады, деп хабарлады Sputniknews.kz ІІМ жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысына сілтеме жасап.

Мамандардың пікірінше, жасөспірімдер қылмысы мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету жайттарының көбеюіне ата-ананың дұрыс қарамауы, отбасындағы қиындықтар және тағы басқа әлеуметтік факторлар тікелей әсер етеді.

ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев атап өткендей, балалар қылмыс құрбанына айналып жататын оқиғалар да жиі кездеседі.

"Көбінесе отбасы мүшелерінің тарапынан зорлық-зомбылық көріп жатады. Бұл проблеманы шешу үшін құзыретті мемлекеттік органдар өзара іс-әрекет ету тиімділігін арттырып, құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларына халық пен азаматтық қоғам институттарын жұмылдыру қажет деп ойлаймын. Сол себепті биылғы жылды ішкі істер министрлігі "Бақытты балалық шақты қорғау" жылы деп атады", — деп мәлімдеді Сәдубаев.