Елімізде жыл сайын тұтынылатын героин мөлшері 20 тоннадан астам - ҚР бас прокуратурасы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жыл сайын тұтынылатын героин мөлшері 20 тоннадан астам - ҚР бас прокуратурасы

Елімізде жыл сайын тұтынылатын героин мөлшері 20 тоннадан астам - ҚР бас прокуратурасы

Қазақстанда жыл сайын заңсыз айналымнан 200 килограммға жуық героин шығарылады. Ал жыл сайын тұтынылатын героин мөлшері 20 тоннадан астам. "Есірткіге қатысты қылмыстардың бетін ашу және оларды тексерудің өзекті мәселелері" тақырыбында бүгін, 26-қыркүйекте Қарағандыда өткен республикалық семинар-кеңесте Қазақстандағы заңсыз есірткі айналымының көлеміне осындай баға берілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Қыркүйек 2003
  • 444
Фото - Caravan.kz

Семинар-кеңесте атап көрсетілгеніндей, есірткінің таралуымен күресуге міндетті кедендік бақылау құрылымы, ІІМ, ҰҚК және басқа да күш құрылымдары нақты ахуалға айтарлықтай әсер ете алмай отыр. ҚР бас пркурорының орынбасары Әбдірашит Жүкеновтың айтуына қарағанда, есірткіге қатысты қылмыстық істердің саны есірткіге тәуелді азаматтардың санымен бірдей барған сайын өсе түсуде. 1999-жылдан бері есірткіге тәуелді адамдардың саны 10 мың адамға өсіп, қазіргі таңда 48,3 мың адам ресми тіркеуде тұр. Әйтсе де, мамандардың пікірінше, есірткіден зардап шегуші қазақстандықтардың саны республика тұрғындарының жалпы санының 11 процентінен кем түспейді.

Ресейлік кеденшілердің қазақстандық әріптестерімен салыстырғанда 2-3 есе артық есірткі заттарын тәркілеу дерегін қазақстандық шекарашылар мен кеденшілердің әркетсіздігімен ғана түсіндіруге болады дейді Ә.Жүкенов. Ресейдің Федералдық Қауіпсіздік Қызметі әрбір операция сайын 100-140 кило героин тәркілейді. Ал ҚР ҰҚК-нің есірткімен күрес басқармасы үшін үшін бұл — жылдық көрсеткішпен парапар.
Республикалық прокуратура ҚР ІІМ-нің есірткімен күрес басқармаларының іс- қызметіне салғырт деген баға берді. Ал ҚР әділет министрігінің нашақорлықпен және есірткі саудасымен күрес жөніндегі комитетінің жұмысы нашақорларды санау, талдау жүргізу тәрізді статистикалық деңгейден әрі аса алмай отыр деп бағалайды бас прокуратура.
Қазақстан дүниежүзіндегі есірткі тасымалының басты орталықтарының бірі ретінде қалып отыр. Жыл сайын еліміз арқылы 150 тоннаға дейін «ауыр» есірткі түрлері тасымалданады, бұл көлемнің 30 процентке жуығы Қазақстанда қалады. Есірткіге қатысты қылмыстар саны ұрлықтан кейін екінші орында.
«Бүгінде елімізде есірткімен күрес жұмыстарын үйлестіруші біртұтас орган құру қажеттігі туындап отыр»,- деп мәлімдеді Ә.Жүкенов. «Құқық қорғау функциясы берілген, тергеу және жедел операциялар жүргізуге құзырлы республикалық маңызды жаңаша мекеме құру туралы ұсыныстар айтылуда. Не болмаса, құқық қорғау функциясы жоқ , тек қана бақылаушы орган құру туралы мәселе көтерілуі де мүмкін. Үшінші бір үлгісі- ІІМ-нің жанындағы қазіргі бар жүйенің функциясын күшейтіп, құзыр аясын кеңейту мүмкіндігі бар. Бұл үлгілердің барлығын да қазір арнайы жұмыс тобы қарастыруда. Республикалық кеңестің тағы бір мақсаты — осы тұрғыдағы мамандардың пікір-көзқарасын зерттеу болып табылады»,- деді бас прокурордың орынбасары.

Соңғы жаңалықтар