Елімізде жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорындарға отын жеткізетін отарба тапшылығы байқалып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорындарға отын жеткізетін отарба тапшылығы байқалып отыр

Елімізде жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорындарға отын жеткізетін отарба тапшылығы байқалып отыр

Елімізде жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорындарға алдағы жылыту маусымына арнап қор жинау үшін көмір жеткізетін отарба тапшылығы қатты байқалып отыр. Бүгін, 23-қазанда Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары барысында ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Александр Павловтың журналистерге хабарлауынша, осыған байланысты республика үкіметі "Қазақстан темір жолы ҰК" ЖАҚ-на аталмыш тауқыметті шешу жұмысын пәрмендендіру жөнінде тапсырма берді.

  • 23 Қазан 2003
  • 374
Фото - Caravan.kz

А.Павловтың айтуынша, қысқа дайындық жұмыстары барысындағы жартылай вагондардың тапшылығы ең өзекті проблема болмақ. Сонымен бірге, үкімет басшысы орынбасарының пайымдауынша, бұл тауқыметтер — жаз маусымындағы көмір тасымалдауға белгіленген жеңілдетілген тарифті әжетке жарата алмаған көмір тұтынушылардың сылбырлығына тікелей байланысты.

Тұтастай алғанда, еліміз бойынша жылыту маусымына дайындық жұмыстары белгіленген кесте бойынша тұрақты жүзеге асырылуда. Үкімет басшысының бірінші орынбасарының айтуынша, білім беру және денсаулық сақтау нысандары қыс маусымына 100 процент дайындықта болса, тұрғын үй кешені 99,7 процент әзір. Ол сондай-ақ, жылыту желілерін жөндеу жұмысы да кесте бойынша жүргізіліп жатыр деп хабарлады.

Соңғы жаңалықтар