А.Павловтың айтуынша, қысқа дайындық жұмыстары барысындағы жартылай вагондардың тапшылығы ең өзекті проблема болмақ. Сонымен бірге, үкімет басшысы орынбасарының пайымдауынша, бұл тауқыметтер — жаз маусымындағы көмір тасымалдауға белгіленген жеңілдетілген тарифті әжетке жарата алмаған көмір тұтынушылардың сылбырлығына тікелей байланысты.
Тұтастай алғанда, еліміз бойынша жылыту маусымына дайындық жұмыстары белгіленген кесте бойынша тұрақты жүзеге асырылуда. Үкімет басшысының бірінші орынбасарының айтуынша, білім беру және денсаулық сақтау нысандары қыс маусымына 100 процент дайындықта болса, тұрғын үй кешені 99,7 процент әзір. Ол сондай-ақ, жылыту желілерін жөндеу жұмысы да кесте бойынша жүргізіліп жатыр деп хабарлады.