Еліміздегі 2004-жылғы таза астық түсімі 12 млн. тоннаны құрады - ауылшаруашылығы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі 2004-жылғы таза астық түсімі 12 млн. тоннаны құрады - ауылшаруашылығы министрлігі

Еліміздегі 2004-жылғы таза астық түсімі 12 млн. тоннаны құрады - ауылшаруашылығы министрлігі

Қазақстанда 2004-жылы 12 млн. тонна таза бидай түсімі жиналды. Бұл туралы бүгін, 26-қазанда Алматыда өткен Agrica-2004 Орталық Азиялық ауылшаруашылығы конференциясында ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің егін шаруашылығы департаментінің директоры Арман Евниев журналистерге хабарлады.

  • 26 Қазан 2004
  • 386
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылы жиналған жалпы астық түсімі бункерлік салмақ бойынша 13,3 млн. тонна болды. Еліміз бойынша орташа астық түсімі өткен жылғы 12,5 центнердің орнына биыл бір гектардан 9,5 центнерді құрады.

А.Евниевтің айтуынша, жиналған түсімнің 30 процентке жуығы шетелдерге, соның ішінде ТМД елдеріне экспортталады. Алайда, биыл Ресей мен Украинада астық бітік шығуына байланысты отандық түсімді шетелдерге шығару қиындық тудырмақшы.
Сондай-ақ, департамент директорының хабарлауынша, «Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» мемлекеттік қорға бір тоннасын 98 долларға астық сатып алуда.

Перейти к новостям спорта