557 округте екінші қайта дауыс беру жұмысы жүзеге асырылса , 86 округте сайлау қайтадан өткізілмекші.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сайлауға бір күн бұрынғы жағдаймен депутаттықтан үміткер ретінде 7026 адам тіркелген болатын. Соның ішінде 1635 адам облыстық, 3478 адам аудандық, 1913 адам қалалық мәслихаттарға сайлау додасына түсті.