Еліміздегі 400-дей су тоспасы қауіпті жағдайда тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі 400-дей су тоспасы қауіпті жағдайда тұр

Еліміздегі 400-дей су тоспасы қауіпті жағдайда тұр

Еліміздегі бөгеттердің жағдайы өте нашар. Салынғанына 50 жылдай уақыт өтсе де, бірде бір күрделі жөндеу көрмеген су тоспалары алдағы көктемде үлкен қауіп тудыруы мүмкін. Су шаруашылығы мамандары осылай дабыл қағып отыр. Әбден ескіргендіктен басым көпшілігін жөндеуге қаржы жоқ. Тіпті жеке қолдағы бөгеттердің ішінде құрылысы талапқа сай келмейтіндері де жетерлік.

  • 11 Желтоқсан 2015
  • 253
Фото - Caravan.kz

Тасқыны зардабын соңғы жылдары біздің ел әбден сезінген. Қызылағаш, Қарағанды облысындағы тасқын, тіпті, кешегі Алматыда жүрген сел де бөгеттердің дәрменін көрсетіп берді. Осыдан соң мамандар мәселе көтеріп, қауіптің алдын алуға шақырып отыр.

Валерий Дебелый, Қазақ су шаруашылығы құрылысын жобалау және зерттеу институтының инженері:

-Семейде, Павлодар облысында, жалпы, үлкен су қоры бар жерлердің бәрінде апат қаупі бар. Сараптама жасаған зерттеушілердің барлығы осындай тұжырымға келді. Өйткені, ондағы бөгеттерді жөндеуге қаржы жоқ.

-Бүгінде елімізде дәл осындай бөгеттер саны 400-ге жетіп жығылады. Ал олардың тең жартысы орта және ірі көлемді болып саналады. Бұларға әдеттегі жөндеу жұмыстарының өзіне мемлекет жыл сайын қыруар қаржы бөліп отырады. Дегенмен, бұл құрылыс нысандарының салынғанына жарты ғасыр уақыт өткен. Сондықтан, барлығы дерлік күрделі жөндеуді қажет етіп тұр.

Мәселен, Алматы облысындағы Талғар ауданының өзінде 17 су бөгеті бар. Соның көбінде құрылыс тәртібі сақталмаған немесе тозығы жеткен. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да осы жағдай. Алайда төтенше жағдай комитеті барлық жағдайға дайынбыз деп отыр.


Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі:

-Су тасқыны кезеңі басталар алдында Ішкі істер министрінің бұйрығы шығады. Осы бұйрыққа сәйкес, барлық азаматтық қорғау қызметтерінің су тасқыны сипатындағы төтенше жағдайларға ден қою әзірлігі тексеріледі. Сондай-ақ, наурыз айында «Көктем-2016» оқу-жаттығуы өтеді.

Алайда ескірген бөгеттерді ешқандай оқу-жаттығудың құтқармасы анық. Сондықтан мамандар біз айтқан олқы тұстарға шенеуніктер назар аударса дейді. 

Соңғы жаңалықтар